1196

QazVac: COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина туралы не білеміз

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық ғалымдар КВИ-мен күресте жоғары нәтижелер мен тиімділік көрсеткен QazVac брендімен шығарылатын QazCovid-In коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаны әзірледі. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында құрылған вакцина елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында КВИ-ге қарсы отандық вакцинаның тиімділігі туралы айтқан болатын.

«Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Біз індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Елімізде вакцина қоры жеткілікті», – деді Қазақстан Президенті.

QazVac инактивтендірілген вакцинасы 2021 жылдың сәуір айында шығарылды, бүгінге дейін «СК-Фармация» ЖШС қоймаларына 1 млн доза вакцина жеткізілді. Әзірлеуші, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарияның айтуынша, Швейцария қазақстандық препаратқа қызығушылық танытып, ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.

«Үшінші кезең бойынша клиникалық зерттеу толығымен аяқталды. 9 шілдеде біз соңғы талдауларды жинадық, ары қарай өңделіп, статистикалық талдау жүргізілді, 3 мың адам қатысты. Параметрлер өте көп болды. Шілде айының соңында біз үшінші кезең және бүкіл клиникалық зерттеулер бойынша қорытынды есеп дайындадық. Сәуір айынан бастап бүгінге дейін «СК-Фармация» қоймаларына вакцинаның 1 млн дозасын жеткіздік. 25 мың доза Қырғызстанға жеткізілді, онда біздің вакцина тіркелген», – деді ол.
Күнсулу Закария QazVac Швейцарияда тіркелген жағдайда отандық вакцина үшін Африка мен Латын Америкасының көптеген еліне жол ашылуы мүмкін екенін атап өтті.

«Бұдан бөлек, өзге елдерден 12 өтініш келіп түсті, олардың ішінде ең перспективалы болып Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саналады», - деп қосты ол.

Ғалымдар QazVac «Ухань» және «Дельта» коронавирус штамымен күресуде тиімді екенін атап өтті. Отандық вакцинаның артықшылықтарының бірі – оны сақтау шарттары. Егер «Sputnik V» вакцинасы тоңазытқышта -18 градус температурада сақталса, онда QazVac 2-8 градус температурада сақталады.

«Мен қазақстандық вакцинаны алу үшін арнайы күтіп жүрдім. Ғалымдар, биологиялық қауіпсіздік өкілдері QazVac вакцинасын өте жоғары деңгейде әзірледі деп ойлаймын. Вакцинациядан кейін ешқандай жанама әсер болған жоқ. Өзімді жақсы сезіндім», - деді елордалық Арын Орсариев.

Айта кету керек, бүкіл әлемде вакцинация COVID-19 пандемиясымен күресудің жалғыз тиімді құралы ретінде саналады. Вакцинаның арқасында ғана ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, өмірдің қалыпты режиміне оралуға болады. Ғалымдар мен дәрігерлер вакцинацияланғандардың коронавирусты әлдеқайда аз жұқтыратынын, тіпті жұқтырған жағдайда жеңіл өтіп, өлім-жітімсіз аяқталатынын айтады. Вирус үнемі өзгеріп отыратынын ескере отырып, азаматтар иммундаудан неғұрлым тез өтсе, соғұрлым қауіпті ауруды тоқтата алады. Екпені стационарларда тәулік бойы пациенттердің денсаулығы үшін күресіп жүрген медицина қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар қоғам қайраткерлері, спортшылар, әртістер, еріктілер, танымал тұлғалар мен елорда тұрғындары да қолдайды.

Бүгінгі таңда елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 418 мыңға жуық адам алса, 358 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109