1241

Елордада бір топ жас әскери міндетін ҚР ҰҚК Шекара қызметінде атқарады

Елордадан бір топ жас мерзімді әскери қызметін атқару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына аттанды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

2021 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанында әскери бөлімдерге елордадан 700-ге жуық 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар аттанды.

«Алдымен ел іргесі берік болуы керек. Шекара сарбаздарын алдымен жөнелтетін себебіміз олардың ел күзету қызметін атқару үшін дайындалатын оқу-жаттығу процесі 2-3 ай мерзімді құрайды. Жаңа буын жеткен соң міндеттерінің толық мерзімін атқарған сарбаздар үйлеріне қайтарылады. Бұл үрдіс елімізде жылдар бойы көктем мен күзде толассыз жүріп келеді. Шекарашылардан кейін Қарулы Күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық ұлан әскери бөлімдерін сарбаздардың жас буынымен толықтырамыз. Қазір жастарымыз 12 ай, яғни бір жыл қызмет атқарады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Мұрат Берекполов:

Әскерге шақыру комиссиясы өз жұмысын қыркүйектің басынан бастады. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату құқығы әскерге шақыру комиссиясының шешімімен Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының талаптарына сәйкес беріледі.

Биылғы басты жаңалықтардың бірі – бұл әскерге шақырылушы үйден шықпай-ақ онлайн режимде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыру үшін elicense.kz сайты арқылы құжаттарын ұсына алады.

Пандемия жағдайында халықпен тікелей қарым-қатынас жасауды азайту, сондай-ақ күзгі әскерге шақыру барысында хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратылуда.

«Заңнама талаптарына сәйкес әскерге шақырудан жалтарушы азаматтар болған жағдайда оларды қалалық Полиция департаментімен бірге іздестіру шараларын жүргізетінімізді де хабарлаймыз. Жалтарушыларға заңмен шара қолдану қарастырылған», - делінген ведомство хабарламасында.

Күзгі әскерге шақыру барысында әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізіледі: біріншісі әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екіншісі жас буын келген кезде әскери бөлімдерде жүргізіледі.

Мерзімді әскери қызмет өткеру тек қару қолдану, күрделі әскери техниканы меңгеру дағдыларын игеруге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар, денені шынықтырып, рухани нығаюға ықпал етеді.

Күзгі әскерге шақыру жұмыстары желтоқсанның соңына дейін жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109