1450

Нұр-Сұлтанда тағы 100 электравтобус желіге шығады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жеке инвестициялар есебінен желіге тағы 100 электравтобус шығатынын мәлім етті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Қаланы дамыту кезінде қоғамдық көліктің жұмысына сапалы жағдай жасау мәселесіне басымдық береміз. Мысалы, қалаға Bus Lane енгізу автобустардың жол жүру уақытын орта есеппен 15-20%-ға қысқартады. Жаңа бағыттарды ашудан және жол инфрақұрылымын құрудан бөлек, қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту бойынша да жұмыс істейміз.

Баламалы энергия көздеріне көшу аясында 2020 жылдың басында қала маршруттарына 100 электравтобусты шығардық. Электравтобустардың артықшылығы: атмосфераға зиянды қалдықтар шығармайды әрі үнемді. Мысалы, дизельді автобустарға жұмсалатын шығын тәулігіне орта есеппен 25 мың теңгені құраса, электр энергиясына жұмсалатын шығын 4-5 есе аз.

Жеке инвестициялар есебінен желіге тағы 100 электравтобус шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен автопарк салынды. Кейіннен электравтобус санын көбейтеміз. Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, пандустармен және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін арнайы орындармен жабдықталған.

Жаңа электроавтобустар автопаркті айтарлықтай жаңартуға, жаңа бағыттарды енгізуге, аялдамаларда автобустардың күту аралығын қысқартуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – электравтобустар атмосфераға зиянды заттар шығармай, қала экологиясына оң әсерін тигізеді», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109