1397

Елордада жастар мәселелері бойынша call center ашылды

Елордада жастар мәселелері бойынша call center ашылды. Орталықтың мақсаты – жастар мен студенттер арасында болып жатқан мәселелерді шешуге атсалысу, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты.  

Ашық қоңырау орталығының басты мақсаты - елордалық жастардың, студенттердің мәселелері бойынша, атап айтқанда: жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа және басқа сұрақтарға қатысты арыз-шағымдарды ескеріп, алдын алу. Сонымен қатар, елордалық студенттерге оқу орны қабырғасында орын алып жатқан жемқорлық, әлімжеттік әрекеттері бойынша да өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізуіне болады.

Айта кетейік, әр қоңырау мен ақпарат анонимді.

«Бұл бастамамыздың мақсаты - жастар, студенттердің арасында орын алып жатқан мәселелерді шешуге атсалысу. Сондықтан, жастарды қолдауға шақырамын. Келіп түскен арыз-шағым немесе ұсыныс құзырлы мемлекеттік органмен қарастырып, шешетін боламыз» - деп атап өтті Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Сұрақтар мен шағымдар бойынша байланыс нөмірлері: 556633, 87007251732
Instagram парақша: ns_jastary
Call center-дің жұмыс уақыты: 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109