1343

Елордада 9 күн ішінде132 мыңнан астам адам санақтан өтті

Халыққа ыңғайлы болу үшін елорданың 17 нүктесінде санақ бұрыштары ұйымдастырылған, онда мамандар азаматтарға сауалнамадан онлайн өтуге көмектеседі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай орындар Статистика департаменттерінде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «Қазпошта» филиалдарында және Хан Шатыр, KeruenCity, Сарыарқа, Asia Park, Евразия, Keruen сияқты ірі сауда ойын-сауық орталықтарында ашылған. Сондай-ақ, қазір "MEGA Silk Way" орталығында да осындай учаскені орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Мұнда респонденттерге аймақтық департаменттердің кеңесшілері көмектеседі. Қазір ел бойынша санақтың 3 155 бұрышы жұмыс істейді. Қосымша тағы ашу жоспарлануда.

Бүгін Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов елордадағы санақ бұрыштарының жұмысымен танысты.

«Бүкіл Қазақстан бойынша біз онлайн санақ жүргізу үшін өз бетімен өтуге мүмкіндігі жоқ адамдар үшін 3 мыңнан астам бұрыш аштық. Кеңесшілер санақтан өтуге көмектеседі. Сайттың қатып қалған сәттері болды, бірақ бұл провайдерлермен болған проблемалар, өйткені көптеген адамдар санақтан мобильді арналар арқылы өтеді. Біздің жүйелерімізді жүктеу шамамен 60% құрайды, яғни біз ешқандай қиындық сезінбейміз. Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді. ҰҚК-нің мемлекеттік техникалық қызметі ақпараттық қауіпсіздікке жауап береді. Олар күн сайын бақылап отырады. Ddos шабуылдары болған жоқ, өйткені техникалық қызмет мұндай қауіп-қатерді жояды», - деді Нұрболат Айдапкелов.

Бюро басшысы сондай-ақ, Play Market-те халық санағы бойынша жалған қосымшаның пайда болуына түсініктеме берді.

«Кеше біз жалған қосымша пайда болды деп айттық. Біз Қазақстаннан оны бұғаттай алмаймыз, өйткені ол сыртқы серверлерде ілініп тұрады. Біз өз тарапымыздан, оны тапқанымыздай, қолдан келгеннің бәрін жасадық: сол мәселені шешумен айналыстық, хат жаздық, мемлекеттік техникалық қызмет осымен айналысуда. Азаматтарды санақтан тек ресми арналар арқылы өтуге шақырамыз. Ол үшін sanaq.gov.kz сайты, Еgov элекронды үкіметі, Aitu қосымшасы бар", - деді Айдапкелов.

Ұлттық статистика бюросының басшысы алдымен Алматы ауданының ХҚКО-дағы санақ бұрышына барды. Мұнда кеңесшілер тұрғындарға онлайн режимде санақтан өтуге көмектеседі.

Дәл осындай бұрыштар «Қазпошта» филиалдарының бірінде жұмыс істейді. Бүгіннен бастап тұрғындар осындай бұрышқа және ірі сауда орталықтарының бірі — «KeruenCity»-ге баруға мүмкіндігі бар. Бір күнде мұнда 40-қа жуық адам санақтан өтті. «KeruenCity» сауда ойын-сауық орталығының кеңесшілері азаматтарға 9:00-ден 18:00-ге дейін санақ жүргізуге көмектеседі. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 17 нүкте ашылды.

10 қыркүйек сағат 13:00-дегі жағдай бойынша елімізде онлайн санақтан 1 421 092 респондент өтті. Sanaq.gov.kz сайтының өзінде сұрақтан 1 216 369 адам өтсе, еgov порталында авторизациядан 147 702 азамат өтті, тағы 57 021 респондент санақ сұрақтарына Aitu қосымшасын пайдалана отырып жауап берді. 9 күннің қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтанда 132 153 адам санақтан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109