1301

"Президент Жолдауын зор қуанышпен қабылдадық" — елорда кітапханашылары

Елордада «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» қызметкерлері Президент жолдауында айтылған басым бағыттарды, соның ішінде мәдениет саласына байланысты қозғалған тақырыптарды талқылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты. 

Жиынға Нұр-Сұлтан қаласындағы 18 кітапхананың мамандары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғам қайраткерлері қатысты. Жолдау жүктеген міндеттерді түгендеген мәдениет саласының қызметкерлері алдағы уақытта іске асыруға тиіс жұмыстар жайын талқылады.

Мемлекет басшысы Жолдауда 2022-2025 жылдары мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және өзгелердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Еңбекақының өсуі – біздің жұмысымызға серпін береді, дейді кітапханашылар.

«Жолдауда айтылған өзекті мәселелердің бәрі біз үшін маңызды. Әсіресе, білім саласын көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл жолда біз де аянбай еңбек етіп жүрміз және білім саласының ары қарай дамуына үлес қосуға дайынбыз. Ал Президенттің жалақымызды көтергенін мәртебемізді өсіргені деп түсінеміз», - дейді «Орталықтандырылған кітапханалар» жүйесінің басшысы Гүлбадан Мадибаева.

Жиында мәдениет саласының майталмандары Жолдаудағы негізгі бағаттары бойынша пікір алмасты. Саладағы өзекті мәселелер көтерілді. Жолдауда қозғалған тақырыптар бойынша баяндама жасалды.

«Орталықтандырылған кітапханалар» жүйесінде 18 кітапхана бар. Онда барлығы 126 кітапханашы жұмыс істесе, соның 60 пайызы 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қоғам қайраткері Сәдібек Түгел де мәдениет қызметкерлеріне көңіл бөлінгенін дер кезінде қабылданған шешім деп санайды.

«Бұл жолдауда мемлекеттің дамуының барлық салалары қамтылған. Әсіресе, зиялы қауымға көңіл бөлгені дұрыс болды. Енді біздің міндет – осы Жолдауда айтылған дүниелерді орындау, халыққа жеткізу. Ал кітапхана қызметкерлерінің жалақысын 20 пайызға көтергені, бұл алдымен кітапханашыларға деген құрмет. Себебі, кітапхана – руханияттың, тазалықтың ордасы. Ол зиялы қауым мен оқырмандардың басы тоғысатын жер. Бір жағынан, бұл кітапханашыларға үлкен жауапкершілік жүктейді», - деді ол.

Іс-шара барысында кітапханашылалыр біздің негізгі мақсатымыз – жаңа жолдауды қолдай отырып, әр оқырманның жүрегіне жеткізу, сапалы ақпараттық қолдау көрсетіп, жастардың білімін жетілдіру болып табылады деген пікір білдірді.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109