1344

Елордалық мекемеде карантин талаптарына қарамастан 500-ге жуық адам болды

Елордалық мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Көптеген ескертулерге, жауапкершілікке тартылатынына қарамастан, қала мекемелерінде карантиндік шектеулер әлі де бұзылып, келушілер мен қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндіруде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, 11 қыркүйекте мониторингтік топтар елорданың 12 мекемесінде карантин талаптарының бұзылғанын анықтады.

Ең көп бұзушылар Есіл ауданында тіркелді - 6 нысан. Тексеріс кезінде "Zima" барлар галереясында 500-ге жуық адам болған. "Cabera" гриль-барында, "Панаехали" барында, "Khan El-Khalili" кафесінде, "Мята Platinum Nursaya" ресто-барында, "Tequila"барында жұмыс режимі сақталмаған.

Алматы ауданында "Киш Миш" кафесі, "Tema" компьютерлік клубы, "Панаехали" атмосфералық бары және "Что Будет Дальше" караоке-бары карантин бұзушылар тізіміне енді.

Сарыарқа ауданында орналасқан "Амарин" және "Шашлыкофф" мейрамханаларында да карантиндік шектеулер ескерілмеді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының төмендеуіне қарамастан, елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша әлі де "қызыл" аймақта қалып отыр. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Азаматтар өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек, өйткені вакцинамен иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109