889

Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жалғасып жатыр

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізіледі. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 үміткер мемлекеттік сектор үшін резервке алынатын болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президенттік жастар кадры резервіне екінші іріктеу басталды. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 үміткер мемлекеттік сектор үшін резервке алынатын болады. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап құжаттар қабылдау басталды. Ол үшін үміткерлер арнайы әзірленген платформада (pkrezerv.kz) құжаттарын онлайн режимде тапсыра алады. Үміткерлерге қойылатын басты талап – 35 жастан аспаған, кемінде бес жыл өтілі бар, жоғары білімді, сол сияқты мемлекеттік тілді кем дегенде орта деңгейде меңгергені туралы сертификаты болуы керек», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен.

Резервте болу мерзімі – 3 жыл. Оны бос мемлекеттік лауазымға тағайындау үшін құзыреттер жиынтығы ескеріліп, жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асады. Айта кету керек, резервке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді.

Резервке алу үшін үміткерлер іріктеудің бірнеше кезеңінен өтуі керек. Оның ішінде:

1) Күрделі санмен жұмыс істеу қабілетін бағалау және мәтіндік ақпарат;
2) ахуалдық міндеттерді шешу;
3) құзыреттерді бағалау;
4) сараптама комиссиясында әңгімелесу;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.

Көптеген кезең онлайн режимде өтеді.
Алдыңғы іріктеуден айырмашылығы рекрутинг процесі талап етілетін білімді, дағдыларды анықтауға ғана емес, сонымен қатар үміткердің шынайы мотивіне, бағдарына баға беріледі. Мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109