1073

Елорда әкімі Алтай Көлгінов онлайн-қабылдау өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды апта сайын қабылдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Азаматтарды апта сайын қабылдаймыз. Бұл тұрғындарды көбірек қамтуға мүмкіндік береді. Түрлі сұрақтар қойылады. Мәселен, бүгін тұрғындар жұмысқа орналасу мәселелерімен жүгінді. Сондай-ақ, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған бағдаршамдардың жұмысы, абаттандыру және т.б. мәселелер көтерілді.

Дегенмен, азаматтарды қабылдауда көтерілетін негізгі мәселе — тұрғын үй. Осы бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде: жыл сайын қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй санын ұлғайтамыз. Мәселен 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынса, былтыр 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Сонымен қатар, тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың санатын кеңейтіп, тұрғын үй сертификатының көлемін 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу және уақытылы өзара байланыс орнату үшін өткен жылдың күзінде тұрғын үй қызметі саласында бірыңғай орталық ашылды (Республика даңғылы, 32). Онда қала тұрғындары тұрғын үй мәселелері бойынша сұрақтарына жауап ала алады. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында осы жылдың өзінде әріптестеріммен бірге 1,5 мыңнан астам қала тұрғыны қабылданды. Қала тұрғындарының проблемаларын шешуді бақылауға аламыз», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109