1059

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысы жалғасуда

Қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға ынталандыру үшін елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Екпе алған адам оған автоматты түрде қатысады, өтінім беріп, тіркелудің қажеті жоқ, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда екі бөлмелі пәтерді 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйекті қоса алғанда, бұрын 31 тамызға дейін болған) вакцинацияланған азаматтар ұтып ала алады. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады.
Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Еске сала кетейік, елорда әкімдігі апта сайын вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізді. Сонымен, иммундаудан өткендер арасында соңғы үлгідегі iPhone 12 телефонының 19 данасы, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машиналар, Алиса ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш және т.б. ойнатылды.

Бұдан басқа, екпе алғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойынын вакцинация пункттері орналасқан СОО және СҮ өткізді.
Вакцинация сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғайды. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109