1119

Нұр-Сұлтанда емханаларға еркін тіркелу науқаны басталады

Нұр-Сұлтанда осы жылдың 15 қыркүйегінен бастап емханаларға еркін тіркелу науқаны басталады. Екі ай ішінде елорда тұрғындары еркін таңдау бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеле алады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

«Жеке тұлғаларды МСАК ұйымдарына бекіту алғашқы медициналық көмек көрсету үшін негіз болып саналады. Сол сияқты отбасылық қағидат, МСАК-тың аумақтық қолжетімділігі, оның аумақтық қолжетімділігі шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау, пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы қағидаттарында жүзеге асырылады. Балалар үйінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұратын балалар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдар МСАК ұйымдарына тек аумақтық қызмет көрсету аймағында ғана бекітіледі. 18 жасқа толмаған баланы заңды өкілдері тіркеуге құқылы», - деді Т.Мұратов.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы емхананы дұрыс таңдамаған кезде қала тұрғындары қандай қиындыққа тап болатынын айтты.

«Кейбір азаматтар науқан кезінде тұрғылықты жеріне жатпайтын емханаға тіркелгісі келеді. Оның қандай қиындықтары болуы мүмкін? Мәселен қаланың сол жағалауында тұратын азамат елорданың оң жағалауында немесе қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан ұйымдарға тіркелсе пациенттің үйінде қызмет көрсетуде қиындықтар болуы мүмкін. Үйдегі патронаж, мобильді топты шақыру, емхананың активтерді қызмет көрсетуі маңызды болып отыр», - деді Мұратов.

Ол аумақтық емделушілерге қатысы жоқ ұйымдарға тіркелген кезде үйінде медициналық көмек көрсетуден бас тартатыны туралы өтінішті қоса жазатынын айтып өтті.

«Сондықтан біз азаматтарға үйде медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жеріне жақын емханаларды таңдауға және оларға қызмет көрсетудің аумақтық принципін ескере отырып таңдауға кеңес береміз», - деп атап өтті басқарма басшысы.
Спикер МСАК маманын еркін таңдау учаскедегі бекітілген халық санын ескере отырып жүзеге асырылатынын атап өтті. Яғни, белгілі бір учаскеге тіркеле алмайтыныңыз жайлы белгі келсе, бұл халықтың толып кеткенін білдіреді.
Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша бекіту үшін «МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметі іске асырылды. Айта кетейік, емханаға тіркелуді таңдау құқығы жылына бір реттен артық берілмейді.
Бүгінде елордада ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС аясында 15 қалалық емхана, «Достық» отбасылық денсаулық орталығы және 19 жеке ұйым алғашқы көмек көрсетеді. Еркін тіркелу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109