1326

Елорда әкімдігінің алдындағы Орталық алаңда сквер ашылады

Елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаң адам танымастай өзгереді. Бетон блоктары мен бос аумақтың орнына сквер ашылады. Қазір ағаш отырғызу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Бейбітшілік көшесінің бойында, сондай-ақ Абай көшесіне жақын орналасқан тұсқа жөке отырғызу басталды. Күзгі отырғызу жұмыстары аясында барлығы 770,3 м2 алаңға 200-ге жуық ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ландшафты аралдар құрылады, онда көпжылдық бұталар мен гүлдер отырғызу жоспарланған.

Алаңның аумағын көгалдандырумен қатар, оның басқа бөлігінде (Sine Tempore сауда орталығына қарама-қарсы) субұрқақ кешені мен амфитеатр салынуда. Мұнда аркалы субұрқақ орнату жоспарланып отыр. Оның дизайнында судан оттегіні алып тастайтын арнайы саңылаулар қолданылады, нәтижесінде су әйнек сияқты мөлдір болады.

Түнгі уақытта артқы жарық қосылып, одан сайын әсерлі болады. Бұл алаңда тұманды бұлт шығаратын субұрқақ арт-нысаны да орналасады. Оның айналасына құрғақ субұрқақтар салу жоспарлануда.

«Бос жерлер мен қараусыз қалған учаскелерде жайлы саябақтар мен қоғамдық кеңістіктер ашылуы мүмкін, онда қала тұрғындары субұрқақтардың жанында сая тауып, ағаштардың көлеңкесінде демала алады. Мұны біз қала бойынша ашылатын тартымды орындардан, емен аллеясынан, серуендеу саябақтарынан байқауға болады. Ыңғайлы қалалық орта адамды жақсы жаққа өзгертеді. Мысалы, кез-келген жерге қоқыс тастауға болмайды Қолайлы әрі әдемі жерде адамның көңіл-күйі көтеріледі. Мұндай жұмыс барлық ауданда орталықтандыру қағидаты бойынша жүргізіледі», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Осылайша, қаланың ескі орталығындағы қалалық алаң тартымды және серуендеу орындарының біріне айналады. Бұған дейін қалалық урбанистика орталығында хабарланғандай, алаң тарихи орталықтағы барлық жаяу жүргіншілер көшелерін байланыстырады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл "Жастар" сарайынан бастап жас көрерменнің музыкалық театрына дейінгі "Театральный" жаяу жүргіншілер желекжолы, сондай-ақ Әзербайжан Мәмбетов көшесіндегі "Demalys Promenade" жаяу жүргіншілер желекжолы толығымен ашылды.

Жұмыстар елорда әкімінің тапсырмасы бойынша "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспары аясында жүргізілуде.

Айта кетейік, 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды. Биыл 190 аула мен қоғамдық кеңістік салынады және жөнделеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109