1078

Елордада халық санағын өткізу кезінде жұмысқа нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлер қабылданады

Елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық Статистика департаменті халық санағын өткізу кезінде нұсқаушы-бақылаушы және интервьюер лауазымына қызметке қабылдауды жариялайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлерді қабылдау жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білімі бар 18 жастан асқан адамдар арасында жүргізіледі. Бұл ретте жұмыс өтілі талап етілмейді.
Толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірлері бойынша алуға болады: +7 747 190 98 39, +7 747 190 98 19.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстанда онлайн-халық санағы басталды, ол sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады.

Онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін дәстүрлі жаппай аралау 1 қазан мен 30 қазан аралығында өтеді. Санақ кезінде сұхбат алушылар планшет пайдаланады. Алынған мәліметтер тікелей жалпы мәліметтер базасына жіберіледі. Санақ санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізілетін болады, денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында интервьюерлер міндетті түрде вакцинациялануы тиіс. Санақ қызметкерлерінің мамандарына жалақы есептелетінін, көлік карталары берілетінін атап өткен жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109