1101

Елорданың жастары Президент Жолдауын талқылады

Нұр-Сұлтан қаласында жастар Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын атап өткені белгілі.

«Өздеріңізге белгілі 2021 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа Жолдау жолдады. Бүгінгі шараның мақсаты – сол Жолдаудағы көптеген бағдарламалар мен ұсыныстар бойынша жастардың тың идеяларын тыңдай отырып, жолдаудағы өзекті мәселелерді талқылау. Яғни жастарға қатысты қызықты пунктерін ала отырып, жоспар жасап, жастармен ары қарай жұмыс істеуді жалғастыру», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Сарыарқа ауданының әкімдігінде өткен шараға «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ мен волонтерлік ұйым қатысты.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында біршама өзекті мәселені қозғады. Соның ішінде жастарға қолайлы жағдай жасауға барынша күш жұмсалған. Мәселен қазіргі таңда жастарға 5 жылға дейін жалдамалы пәтер беру, студенттердің стипендиясын көтеру, жалақаны көбейту мен жастарды жұмыспен қамту сияқты сұрақтардың жауабы оңтайлы шешілуде. «Кемел келешектің ертеңі – біз жастар» деп бізге көп сенім артылады. Сол себептен де Қазақстанның жастары жұмылып, болашақтың жарқын болуына септігімізді тигізуіміз керек деп ойлаймын», – деді ерікті Сұлтанбейбарыс Рахымбаба.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109