1163

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтай отырып жалпықалалық сенбілік өтеді

Осы сенбі күні, 18 қыркүйекте елордада  "World Cleanup day 2021" бүкіләлемдік тазалық күніне және "Бірге-таза Қазақстан!" республикалық экобастамасына арналған жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Дүниежүзілік тазалық күні" — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір — түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін, яғни жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелердегі қоқыстарды жинау үшін бірігеді.

Бүгінгі күні іс-шара 130 елде, Қазақстанда "World cleanup Day" 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.

Сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумақтарында ағаш отырғызады, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының жағалау учаскелерін тазалайды.

Ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына келесі байланыстар бойынша хабарласуды сұраймыз: Алматы ауданы: +7 (7172) 362767; Байқоңыр ауданы: Ержан Қасымбеков, +7701 1996161; Сарыарқа ауданы: Айдос Түсіппаев Мұратбекұлы, 8702 236 33 35; Есіл ауданы: Жасұлан Қырғызбаев, 8701 628 46 86.

Айта кету керек, барлық іс-шаралар карантин және шектеу шараларын сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109