1199

Елорданың тағы үш ауданында жыл соңына дейін жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының үш ауданында жастарға қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануы, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елордадағы алғашқы жастарға қызмет көрсету орталығы Сарыарқа ауданында осы жылдың маусым айында іске қосылды. Ашылу ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Жұмыс істеген үш ай ішінде орталыққа 630-ға жуық жасты қабылдап, оларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар және басқа да өзекті мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданындағы Жастарға қызмет көрсету орталығы онлайн және офлайн форматта бос уақытты тиімді ұйымдастыру, бастамаларын қолдау, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру және сүйемелдеу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, спортты насихаттау және 14-29 жас аралығындағы жұмысшы жастар, NEET санатындағы жастар үшін оның қолжетімділігі және т. б. бойынша іс-шаралар жүргізуде. 

Орталықта, мысалы, "Отбасы банк" АҚ, "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ, "iKomek109" сияқты ұйымдардың қызметтерін алуға болады.

ЖБО-ға жобаларды қолдау және бизнесті ашу бойынша көмек сұраған жастар үшін олардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебінің "TIME TO CHANGE" жобасының базасында тренингтер өткізіледі. Үш айдың ішінде 6500-ден астам тыңдаушы, оның ішінде 860 – жаңа бастаған кәсіпкер, 3600 – жұмыссыз жас, 1850 – студент, 190– халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары мен мүмкіндігі шектеулі адамдар оқудан өтті. Тренерлер – танымал қоғамдық пікір көшбасшылары. 

Сондай-ақ, жастардың көпшілігі жұмыс іздеуде көмек алу үшін ХБО-ға жүгінеді. Онлайн және офлайн жәрмеңкелер өткізілді.

Сонымен қатар, Жастарға қызмет көрсету орталығы елордалық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп "Алғашқы жұмыс орны", "Әлеуметтік жұмыс орындары", "Қоғамдық жұмыстар", "Жастар практикасы" бағдарламалары бойынша жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастырды.

Сондай-ақ, "Отбасы банк" консультанттары "Елорда жастары" ЖРО қызметкерлерімен бірлесіп жастарға депозиттік шот ашу және "7-20-25", "Бақытты Отбасы" және т.б. бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Орталыққа психологиялық және заң көмегіне жүгінгендер үшін өзекті психологиялық мәселелерді шешу, өмірлік қиындықтарды жеңу және құқықтық қолдау бойынша әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізіледі.

Алматы, Есіл және Байқоңыр аудандарында жастарға қызмет көрсету орталықтарын 2021 жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109