3011

Елордада Атырау мен Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Осы демалыс күндері, яғни 18 және 19 қыркүйек күндері елордада Атырау мен Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Барлығы 336 тонна жаңа өнім сатылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке дәстүрлі түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкеде өңірлер түрлі өнімдерді ұсынады.

Жалпы алғанда екі облыс елордаға 336 тонна өнім әкеледі, ол нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылатын болады.

Атырау облысы қала тұрғындарына 20 тоннадан астам ет, 36 тонна балық және балық өнімдері, 3 тонна сүт өнімі, 1 тонна шұжық өнімі, 90 тонна көкөніс өнімі, сондай-ақ 60 000 дана жұмыртқа, 0,5 тонна нан өнімі, 0,5 тонна ет консерві, 1 тонна макарон өнімі, 0,5 тонна ұн әкеледі.

Ал Жамбыл облысы елордаға 18 тонна ет (жылқы еті, сиыр еті, қой еті және құс еті), 3,5 тонна шұжық өнімі, 12,1 тонна сүт өнімі, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1 тонна кондитерлік өнім, 3 тонна макарон өнімі, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1 тонна кептірілген жеміс, сондай-ақ 128,6 тонна көкөніс пен жеміс сатылады.

Жәрмеңкеге келушілер санитарлық талаптарды толықтай сақтауы қажет: маска тағу, әлеуметтік қашықтық және қолды дезинфекциялық құралдармен залалсыздандыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109