1192

Нұр-Сұлтанда жалпықалалық сенбілік кезінде 3 мыңға жуық ағаш отырғызылды

Бүгін елордада «World Cleanup day 2021» Дүниежүзілік тазалық күні және «Birge – taza Qazaqstan» республикалық экоинициативасы аясында санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып, жалпықалалық сенбілік өтті. Қаланың түкпір-түкпіріне 3 мыңға жуық ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен 2021 жылғы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында елордада қысқы кезеңге дайындық және күзгі кезеңде жасыл желектерді отырғызу бойынша «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы жарияланды.

Бүгін қалада «World Cleanup day 2021» Дүниежүзілік тазалық күні жалпы қалалық ағаш отырғызу сенбілігімен атап өтілді.

Оған 87 мемлекеттік орган, 17 елшілік ұжымы, сондай-ақ 2,5 мыңнан астам кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер қатысты.
Барлық ауданда жалпы көлемі 3 млн шаршы метр болатын саябақтар мен гүлзарлар тазартылды, 3 мыңға жуық ағаш отырғызылды, оның ішінде – қызыл тал, татар үйеңкісі, шырша, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен жидегі, сирень, бөріқарақат, жөке және т.б.

«Өткенге көз салып өтейік. Ең алғашқы сенбілікке біз 1997 жылы, жаңа астанаға көшкенде қатыстық. Бүгінге дейін біздің қызметкерлер осындай іс-шараларға қатысып, өзгелермен араласуға, таза ауада уақыт өткізуге атсалысып келеді. Отбасылар ағаш отырғызады. Сенбіліктер бізді ұйымшыл команда етуге септігін тигізеді. Елордамыздың дамуына өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз», - деді Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, ПА кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғани Тілеубеков.

Сондай-ақ, ағаш отырғызу бастамасын Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламенттің, Nur Otan партиясының Орталық аппаратының, Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестің, елшіліктердің және т.б. өкілдері қолдады.

«Жасотандықтар «Бірге — таза Қазақстан» республикалық акциясын алғашқылардың бірі болып қолдады. Басты мақсат – қаланы көгалдандыру. Jas Otan 100 мыңнан астам жас қазақстандықты біріктіреді. Айлық аясында олар өз үлестерін қосады. Бұл біз үшін экологиялық акция ғана емес, оған тәрбиелік маңызды да қосып отырмыз. Өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелейміз, туған елге деген сүйіспеншілікте тәрбиелейміз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым айтып отыратын жаңа құндылықтарды қалыптастырамыз. Біз, жасотандықтар, алдағы уақытта осындай акцияларға қатысатын боламыз», - деді Jas Otan жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Жалпықалалық сенбілік кезінде барлығы 214 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды, 56 рейс жасалды.

«Бүгін – Дүниежүзілік тазалық күні. Ал елордада экологиялық айлық өтіп жатыр. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері елшілікке іргелес аумақты жақсарту жөніндегі кереметтей іс-шараға қуана қосылды, біз осында тұрамыз және жұмыс істейміз. Әрине, өз еңбегіміздің жемісін көретінімізге қуанамыз. Ағаш отырғызуға шамамен 12 адам қатысты. Арамызда кәсіби бағбандар да бар», - деп атап өтті ҚР-дағы РФ елшілігінің баспасөз хатшысы Александр Останин.

Айта кету керек, сенбілік санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қолғап кию арқылы қол гигиенасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109