1157

Елордада әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтің 70 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік академиялық филармониясының халық ән бөлімінің ХІХ концерттік маусымашары өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы халық ән бөлімінің бүгін маусымашары. Бұл әнші-композитор, Алаштың аяулысы Тұрсынғазы Рахимов ағамыздың 70 жылдық мерейтойына арналып отыр. Осы ретте Семей қаласының әкімдігімен бірлесіп, үлкен кеш ұйымдастырып отырмыз. Тұрсынғазы ағамыз «Сәби болғым келеді, «Қазағым-ай», «Дариға, домбырамды берші маған» секілді белгілі әсем әндерін қазағымыздың жүрегіне ұялатқан. Маусымашарда көрермен қауыммен қайта қауышқанымызға қуаныштымыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дакенов.

Әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтің еске алу кеші Семей қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

«Тұрсынғазы ағамызды дүние жүзіндегі бүкіл қазақ біледі. Мысалға «Сәби болғым келеді» әнін бала күнімнен білетінмін. Ол кісі өзі әнші әрі композитор болды. Бүгінгі кешке көптеген шәкірті келіп, қатысып жатыр», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейханқызы.

Айта кету керек, музыкалық кеш санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109