1047

Елордада стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирі өз мәресіне жетті

Бүгін елордадағы Отан қорғаушылар алаңы ауданында орналасқан «NS Street Life» көше спортының колизейінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирінің финал ойындары мен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге ұлдар мен қыздардан құралған 35 команда қатысты.

Стритбол жарысының бірінші кезеңі осы жылдың 19 маусымында Алматы ауданындағы Президенттік саябақта басталған болатын. Біріншілік ойындары тек демалыс күндері, Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданында белгіленген уақытта «ASHYQ» қосымшасы арқылы өтті. Ойынға ұлдар мен қыздардан құралған 110 команда қатысты. Төрт ойыншыдан тұратын командалар U-16, U-18 екі санатында жарысты. Іс-шара соңында жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және арнайы стритбол формаларымен марапатталды.

Жарыс қорытындысы:

Қыздар U-16 категориясы бойынша:
1 орын – «Бизешкин» командасы;
2 орын – «Тамирис» командасы;
3 орын – «СДЮШОР №5» командасы;

Үздік ойыншы номинациясы – Анна Кочура.

Қыздар U-18 категориясы бойынша:

1 орын – «Тайгерс» командасы;
2 орын – «СДЮШОРЮ№5» командасы;
3 орын – «Астана» командасы;

Үздік ойыншы номинациясы – Малика Салиева.

Ұлдар U-16 категориясы бойынша:
1 орын – «№52» командасы;
2 орын – «Шарашкина кантора» командасы;
3 орын – «№38» командасы;
Үздік ойыншы номинациясы – Турдиев .

Ерасыл Ұлдар U-18 категориясы бойынша:
1 орын – «Street Beabers» командасы;
2 орын – «3nd» командасы;
3 орын – «Колизей» командасы;
Үздік ойыншы номинациясы – Иса Султанбейбарыс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109