1889

Astana Marathon 2021-ге екпе алған желаяқтар ғана қатыса алады

Нұр-Сұлтанда 26 қыркүйек күні жыл сайынғы Astana Marathon 2021 халықаралық марафоны өтеді. Биыл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марафонды қаланың Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бұқаралық, соның ішінде спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондықтан биылғы жарысқа қатысушылар саны шектеулі болмақ. Ал КВИ-ге қарсы вакцинациядан өткен желаяқтарға қатысуға рұқсат етіледі (вакцинация тек ересек қатысушылар үшін).

Astana Marathon 2021 шеңберінде екі қашықтық көзделеді: 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 42.2 км - ге және 16 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 10 км-ге. Бұл ретте вакцинация тек кәмелетке толған қатысушылар үшін міндетті, 16 жастан 18 жасқа дейінгі жүгірушілер КВИ-ға теріс нәтижесі бар ПТР-тест ұсынуы тиіс. Марафонға қатысу үшін тіркеуді сайттан онлайн өтуге болады www.astana42k.com 23 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін немесе слоттар санына жеткенде. Қатысушыларды қабылдау «Ashyq» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Айта кету керек, биылғы марафон оған қатысушылар үшін ерекше болмақ, өйткені биыл ол «қола» статусына ие.

Bronze Label Road Races 2019 жылғы қарашада World Athletics ұйымы тарапынан беріліп, ТМД аумағында Astana Marathon осындай статусқа ие болған алғашқы және жалғыз марафон жасады. 2018 жылдан бастап Astana Marathon Халықаралық марафондар мен желаяқатар қауымдастығының (AIMS) мүшесі, 2020 жылдан бастап Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group жас ерекшелік топтарында марафоннан әлем чемпионатының біліктілік марафондар тобына енді.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара қайырымдылық шарасы болып саналады. Осылайша, 2009 жылдан бастап Astana Marathon ұйымдастырушылары қазақстандық қайырымдылық ұйымдары үшін 37 млн теңгеден астам қаражат жинады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109