1309

«Бизнестің жол картасы»: Грант қаражатын мақсатсыз жұмсаған жобалар анықталды

Елордада «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттар ұсынуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Отырыста биылғы және өткен жылдары 5 млн теңгеге дейін өтеусіз грант алған проблемалық жобалар бойынша одан әрі шаралар талқыланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қағидаларға сәйкес (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900001060#z1837) мемлекеттік гранттарды беру, гранттық қаражаттың игерілуі мен мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындау жөніндегі іс-әрекеттеріне мониторингті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жыл бойы жүзеге асырады.

Мониторингтің нәтижесінде кейбір жобалардың бұзушылықтарға жол бергенін және қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны белгілі болды.

Осылайша, 2020 жылы мақұлданған «Жергілікті емдеу үшін медицинада қолданылатын гидрогельді таңғыштар мен пластырь өндірісі» және «Құлпынай өсіретін жыл бойғы жылыжай» жобалары жүзеге асырылған жоқ.

2021 жылы грант алған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзиясы бар балабақша» жобасы тиісті ережелерді бұзды: аффилиирленген/байланысты тұлғадан мемлекеттік қаражатқа жабдық сатып алды.

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес бағдарламаның жұмыс органы «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ атынан жобалар бойынша гранттық қаражатты қайтару талабы бойынша жұмыс жүргізетін болады.
Комиссия жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды пайдалануға болмайтынын еместігін еске салды:

1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;
2) жалдау ақысы ретінде;
3) үлестік/байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);
4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға.

Бұдан басқа, шартқа сәйкес грантты игеру кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қаражатты аудару жолымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109