915

Елордалық дәрігер әйел денсаулығын қалай дұрыс күту керектігін айтты

Жыл сайын 20 қыркүйекте Гинекологиялық қатерлі ісік туралы халықаралық ақпараттандыру күні атап өтіледі. Нұр-Сұлтан қаласының № 15 қалалық емханасының акушерлік-гинекологиялық қызметінің меңгерушісі Жансая Садуова әйелдердің денсаулығын қалай дұрыс бақылау керектігін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігердің айтуынша, өкінішке қарай, әйелдер арасында қатерлі ісікке диагноз тым кеш қойылады. Оған негізінен уақытылы кәсіби тексеруден өтпеу және медициналық көмекке кеш жүгіну себеп.

«Қазақстандық әйелдердің гинекологиялық қатерлі ісік туралы жалпы хабардар болу деңгейі әлі де өте төмен. Негізінен гинекологиялық қатерлі ісік жатыр мойны, жатырдың шырышты қабаты, аналық без денесінде, вульва аймағында пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, эндометриялық қатерлі ісік, вагинальды қатерлі ісік, сүт безі қатерлі ісігі бар. Олардың ішінде ең көп тарағаны – жатыр мойны обыры. Жатыр мойны обырының алғашқы белгілері – жанасудан қан кету. Сондай-ақ, жатыр мойны қатерлі ісігі іштің төменгі жағының ауырсынуымен білінуі мүмкін. Зәр шығару жиілеуі және бел-сегізкөз аймағында түнгі ауырсынулар пайда болуы мүмкін», - дейді маман.

Маманның айтуынша, эндометрия қатерлі ісігі кезінде қан кетуі мүмкін. Ол етеккір циклінің бұзылуынан байқалады.

«Эндометриялық қатерлі ісік менопауза басталғаннан кейін ациклді қан кету ретінде де пайда болуы мүмкін. Егде жастағы әйелдерде эндометрия қатерлі ісігі сулы бөліністер арқылы пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, белдің, құйымшақ сегізкөздің және іштің төменгі бөлігінде ауырсыну пайда болуы мүмкін», - деп нақтылады Жансая Садуова.

Оның айтуынша, гинекологиялық қатерлі ісіктің ең байқалмайтын түрі – аналық бездің қатерлі ісігі. Бұл ісік ұзақ уақыт бойы өседі және асимптоматикалық емес. Мұндай ісікті кәсіби тексеріс кезінде анықтауға болады.

«Жатыр мойны обырына көбіне артық салмақпен, семіздікпен ауыратын әйелдер жиі ұшырайды. Ісік жасушаларының өсуіне ықпал ететін жетекші фактор гормоналды теңгерімсіздік болып саналады. Әдетте бұл – эстроген немесе гестаген гормондарының концентрациясының бұзылуы. Эстрогендердің артық болуына байланысты жасушалардың көбею және өсу процесі жеделдетіледі. Бұл жасушалардың қатерлі ісікке айналуына әкелуі мүмкін. Бірақ бұл жалғыз себеп емес, факторлардың бірі ғана. Сондай-ақ, адамның папиллома вирусы да жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін. Ол туралы дәлелді медицинада да айтылады», - деп қосты гинеколог.

Жансая Садуова әйелдерге жоспарлы скринингтерден уақтытылы өтуге және ауру белгілері пайда болған жағдайда бірден дәрігерге баруды кеңес етті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109