1054

Нұр-Сұлтанда 645 км газбен жабдықтау желісі салынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елді мекендерді, сондай-ақ жылу электр орталықтарын газдандыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Өздеріңіз білетіндей, елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз. Тұрғын үй жағдайы — жайлы өмір сүрудің маңызды бөліктерінің бірі. Қалада өмір сүру сапасын арттыру үшін газдандыру жұмысы жүріп жатыр: өткен жылыту маусымынан бастап бірқатар елді мекен газға кезең-кезеңімен қосыла бастады.

Агроқалашық елді мекені тұрғындарымен кездесіп, аумақты дамыту мәселелерін талқыладық, соның ішінде газдандыру барысы да талқыланды. Қаланы толық газдандыру 2023 жылы аяқталады. «Көктал-1», «Көктал-2», «Теміржолшылар», «Агроқалашық» елді мекендерінің тұрғындары газға қосылды.

Биыл күзде Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агроқалашық (қосылмаған бөлігі) елді мекендерінің тұрғындары газға қосыла алады. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. Аталған елді мекендерді жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. «Қазақауыл» (Қараөткел) шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Осылайша, жүйелі негізде газ тарату желілерін салу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр. Небәрі екі жылдың өзінде елордада 645 км ішкі кварталдық газбен жабдықтау желілері салынды. Жыл соңына дейін тағы 17 км газ тарату желісін саламыз.
Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Осы бағытта жылу электр орталықтарын жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз: осы жылдың соңына дейін қалған су жылыту қазандықтарын газға ауыстырамыз, ЖЭО-3 бойынша жобаға түзету жүргізілді, құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде су жылыту қазандығы да қалпына келтірілді. Егер ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді, оның ішінде әлеуметтік нысандарды, әкімшілік ғимараттарды жылумен қамтуға мүмкіндік берсе, онда су жылыту қазандықтарының қуаты ЖЭО-3 қуатынан 2 есе асады. Қазандықтар бірінші кезекте тапшылық болжанатын учаскелерді жылумен қамтамасыз етеді.
Бұл мәселелер Мемлекет басшысының бақылауында», - деп жазды елорда әкімі.

Фото; Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109