1239

Нұр-Сұлтанда 15 мың шақырымнан астам инженерлік желі цифрландырылды

Цифрландыру аясында Нұр-Сұлтанда 15 мың шақырымнан астам инженерлік желі цифрландырылды. Елорданы цифрландыру жобасы қаланы тиімді дамытуға, жүйелі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. 14-15 қыркүйекте Мәскеуде Mobile 360 форумы өтті, онда қатысушылар өңірлердің ең өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ жаңа технологиялар мен цифрлық тұрақтылыққа байланысты дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Еуразия сарапшыларымен кездесуде елордалық Цифрландыру басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек шақырылған спикер ретінде сөз сөйлеп, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің геоақпараттық орталығын таныстырды. Жобаны әлемдік қоғамдастық пен форумға қатысушылар – Мәскеу қаласының ақпараттық технологиялар департаменті, Беларусьтің цифрландыру министрлігі, МТС, Beeline, Yandex және Ростелеком компаниялары ерекше атап өтті.

Форумның негізгі тақырыптары: нақты шындықтағы инновациялар, адам мен технологияның өзара іс-қимылының жаңа дәуірі, ақылды қалалардың болашағы және тұрақты коммуникациялар. Іс-шара цифрлық құралдарды пайдалану арқылы азаматтар, өңір және қалалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға арналды. Іс-шараны бүкіл әлемдегі ұялы байланыс операторларының мүдделерін білдіретін GSM Дүниежүзілік қауымдастығы (GSMA) ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының геоақпараттық орталығы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында және Нұр-Сұлтан қаласының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасында пилоттық режимде пайдаланылуда. Осылайша, 2D-3D технологиялары инженерлік желілерге түсетін жүктемелерді көрнекі түрде көрсетеді. Жаңа технология ғимараттардың зияткерлік жобаларын жасауға, құрылыстарды салу мен пайдалануды бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ғимараттардың цифрлық (ақпараттық) моделін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 15 мың шақырымнан астам инженерлік желі цифрландырылды. Барлық нысанды интеграциялау нәтижесінде қаланың ең тиімді логистикасын құру және елорданың басқа да міндеттерін шешу мүмкіндігі пайда болды.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109