1051

Нұр-Сұлтанда «Тіл тазалығы» атты тренинг ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл тазалығы» атты тренинг өтті. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әкімдікке қарасты мекемелердің қоғаммен байланыс бөлімдерінің мамандары және болашақ журналистер қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 6-28 қыркүйек аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған XXIII қалалық тіл фестивалі өтуде. Фестиваль аясында Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Тіл тазалығы» атты тренинг өтті.

«Жыл сайын өтетін Тіл фестивалінің аясында бүгін «Тіл тазалығы» атты арнайы тренинг-семинар өткізіп отырмыз. Бұл семинар-тренингтің мақсаты – мемлекеттік мекемелерде немесе халықпен тығыз жұмыс істейтін белгілі бір мекемелердің қызметкерлерін оқыту. Оның ішінде халыққа қалай ақпарат беру керек, тілдің тазалығына қалай көңіл бөлу керектігі түсіндіріледі. Мысалы, қазір кейбір баспасөз хабарламаларын оқысаңыз мәтіні түсініксіз келеді, өйткені олар аударма түрінде болады немесе сол тілді жетік меңгермеген азаматтар жазады. Сондықтан, ең бірінші қазақ тілінің өзінің заңдылықтары аясында тіл тазалығы сақталуы керек. Сосын мемлекеттік тілдің ресми стилінде жазу керек және халыққа барынша түсінікті болуы тиіс. Осы үш принциптің аясында бүгін арнайы лекторларды шақырып отырмыз. Олармен біздің мамандарымыз, қызметкерлеріміз қызу диалог түрінде пікір алмасып жатыр», - деді Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Іс-шарада «СММ негіздері және ерекшеліктері», «Интернет – ақпараттық соғыс алаңы ретінде» және «Таза баспасөз тілі» тақырыптары талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Негізгі мақсат – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту және қадір-қасиетін арттыру. Қоғаммен байланыс орнататын мамандық иелеріне кәсіби бағыт-бағдар беру. Сондай-ақ журналистика мамандығында оқитын студенттерге тәжірибелі мамандармен жүздесуге мүмкіндік жасау.

«Тіл тазалығы» іс-шарасына әлеуметтік желіде және басқа да орындарда халықпен тығыз жұмыс істейтін, сөздің үлкен құрал екенін білетін және сол арқылы көп мәселені шешуге атсалысатын мамандар қатысып отыр. Мұндай мамандар үнемі шеберлігін шыңдап отыруы керек. Өйткені заман үлкен қарқынмен өзгеріп жатыр. Сондықтан, мұндай іс-шаралардың маңызы зор деп білем. Бұл жылына бір рет қана өткізілетін шара болмауы тиіс. Себебі, заман ағымы жылдам – жаңа білімдер, жаңа әдістер шығып жатады. Мемлекеттің қызметкерлері оны уақытылы игеріп отыруы керек. Яғни, осындай тренингтер тұрақты түрде өткізіліп тұрса қазақ тілді контенттің қалыптасуына үлес қосып, мамандардың шаңдалуына септігін тигізеді», - деді медиа сарапшы Мерей Ермұхан.

Іс-шара соңында барлық қатысушыға сертификат берілді.

Айта кетейік, іс-шара онлайн форматта ZOOM пратформасында және оффлайн режимінде де өткізілді. Оффлайн қатысқандардан карантин талаптарына сәйкес вакцина төлқұжатының болуы, Ashyq жүйесі арқылы кіруі талап етілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109