937

Елорданың Жастарға қызмет көрсету орталығы қала тұрғындарына қалай көмектеседі?

Үш ай бұрын Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында алғашқы жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жыл соңына дейін қаланың өзге аудандарында осындай 3 орталық ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада алғашқы Халыққа қызмет көрсету орталығы маусым айында қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Астана жастары» ЖРО Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп, ескі вокзал маңында ашылды.

Мекеме жұмысы басталғаннан бері мұнда 700-ден астам жас жүгініп, қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап алды. Осылайша, мамандар жұмысқа орналастыру, тұрғын үй, білім беру және т.б. салаларда ақысыз құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

«Биыл 1 маусымда елордада алғаш рет жастарға қызмет көрсету орталығы (ЖҚО) ашылды. Мақсатымыз – жастарды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беру, оларға кеңес беру және жұмысқа орналасу орындарын ұсыну. Жастар орталыққа түрлі мәселелер бойынша жүгіне алады, олардың ішінде: кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру, жастарға арналған бағдарламаларға қатысу, волонтерлік қызмет, бос уақытын тиімді пайдалану және басқалар. Азаматтарды толғандыратын тағы бір мәселе – тұрғын үй сатып алу. Орталық мамандары осы бағыт бойынша кеңес бере алады», - деді «Астана жастары» ЖРО басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

ЖҚО-ға жобаларды қолдау және бизнес ашу бойынша көмек сұраған жастар үшін олардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебінің «TIME TO CHANGE» жобасы базасында тренингтер өткізіледі. Тренингтердің мақсаты жұмысқа орналасудағы ішкі кедергілерді жою, сұхбаттасуда коммуникация және өзін-өзі таныстыру дағдыларын алу, кәсіпкерлік негіздерін зерделеу және т.б. болып саналады. Үш ай ішінде 6500-ден астам тыңдаушы оқудан өтті, оның ішінде 860-ы – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, 3600-ы – жұмыссыз жас, 1850-і – студент , 190-ы – халықтың әлеуметтік осал топтары және мүмкіндігі шектеулі адамдар. Тренерлер – танымал қоғамдық пікір көшбасшылары.

Сондай-ақ, жастардың көпшілігі жұмыс іздеуде көмек алу үшін ЖҚО-ға жүгінеді. Жұмыс істегісі келетін жастар мен оқу орындарының түлектері үшін онлайн және офлайн бос орындар жәрмеңкелері өткізілді.

Орталыққа психологиялық және заң көмегіне жүгінгендер үшін өзекті психологиялық мәселелерді шешу, өмірлік қиындықтарды жеңу және құқықтық қолдау бойынша әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізіледі.

«Жақында колледжді «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім. Жұмысқа қалай орналасуға болатынын білгім келіп еді. Ойымда жүрген сұрақтарыма жауап алдым. Мамандығым бойынша бос жұмыс орындары бар екенін білдім. «Жастар саясаты» бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Бұл жақында оқуын бітірген студенттер үшін мамандық бойынша жұмыс табудың тамаша тәсілі. Орталық туралы әлеуметтік желілерден білдім», - деді Аружан Шимирова.

Орталық жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109