890

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн режимде тағы 14 отбасын қабылдады. Бұл туралы қала басшысы Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындарын апта сайын қабылдаймыз. Онлайн режимде тағы 14 отбасы қабылданып, шамамен 30 сұрақ талқыланды. Сұрақтардың бір бөлігі қабылдауда бірден шешімін табады, ал өзгелері бойынша жұмыс істейміз. Сұрақтарды орта мерзімді және қысқа мерзімді деп бөлеміз.

Қабылдауларда әр түрлі мәселелер көтеріледі. Үлестік құрылыс нысандары бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайтамыз (қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар және т.б.), Елорда аудандарын «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында орталықтандырып дамытамыз.

Оқу жылы басталғанын ескере отырып, білім беру саласы бойынша сұрақтар көтеріліп жатыр. Биыл жаппай оқыту аясында материалдық көмек көрсетілген оқушылар саны артты. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан әрбір оқушыға 40 мың теңгеден бөлінді. Көмектің бұл түрімен 18 мыңнан астам оқушыны қамтимыз. Сонымен қатар, оқушыларға көмек көрсетуге бағытталған өзге де бағдарламалар бар», - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109