7298

Елордада жылыту маусымы 23 қыркүйекте басталады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының басталуы туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қаулыға сәйкес, 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйектен басталады.

Еске сала кетейік, елордада кейбір әлеуметтік нысандар өтініштер негізінде жылу беру жүйесіне қосылған болатын. Оның ішінде медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. әлеуметтік нысандардың дайындығы 100% құрайды.
Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар белгіленді. Қатты отынды сатып алу кезінде дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермес үшін қоймаларда жеткілікті қор көлемі бар.

Қала әкімі бұған дейін хабарлағандай, «Көктал-1», «Көктал-2», «Теміржолшылар», «Агроқалашық» елді мекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылдың күзінде Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агроқалашық (қосылмаған бөлік) елді мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. Бұл елді мекендерді жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109