1413

Елордада «Жастар жалыны-2021» шығармашылық байқауы басталды

Елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар жалыны-2021» жастар шығармашылығының байқауы басталғанын хабарлады. Оған КВИ-ға қарсы екпе алған 29 жастан аспаған қалалық жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді іске асыру, қала жастарының шығармашылық дамуына жағдай жасау, студент жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамыту, сондай-ақ студенттердің эстетикалық және этикалық тәрбиесін жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Дәстүрлі байқауға COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткен 29 жасқа дейінгі елордалық ЖОО студенттері қатыса алады.

Жарысқа қатысу студент оқитын ЖОО-ның Жастар ісі жөніндегі комитеті арқылы жүзеге асырылады.

Өтінімдер осы жылдың 11 қазанына дейін қабылданады. Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі, оның ішінде: эстрада; ұлттық би; заманауи би; музыкалық аспаптар; айтыс; поэзия; медиа; театр; сурет салу; жастар күші.

Байқаудың салтанатты ашылуы 11 қазанда, ал жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау 16 қазанда гала-концертте өтеді.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 702 118 29 35.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109