1179

Елорда дәрігерлері Президент Жолдауын талқылады

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалалық медициналық ұйымдар басшыларымен, ұжыммен ҚР Президентінің биылғы Жолдауын талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ақхалатты мамандар Жолдауда айтылған денсаулық сақтау саласы мен медициналық инфрақұрылымды дамыту, кадр тапшылығы, медициналық қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселелеріне тоқталды.

«Денсаулық сақтау саласы мен медициналық инфрақұрылымды дамыту сұрақтарына Мемлекет басшысы аса назар аударды. Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды қадағалау, аурудың өршуіне жол бермеу, халықты дәрі-дәрмекпен қамту және медицина мамандарын даярлау мен оқыту маңызды бағыттарға тоқталды. Президенттің бұл тапсырмаларын орындау мақсатында, халыққа сапалы әрі тиімді медициналық көмек көрсету үшін елорда әкімдігі бірқатар жұмыс атқарып жатыр», - деді Т.Мұратов.
№1 Көпсалалы қалалық ауруханаға негізінде 250 төсек-орынға арналған акушерлік блок салынады. Қазірде оның эскиз жобасы мақұлданып, қажетті технологиялық және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі әзірленуде. Аталмыш мекеменің құрылысын 2023 жылда аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 2020 жылы Сарыарқа мен Байқоңыр аудандарында 2 жаңа ірі емхананың жобасы мен құрылысы басталды. Есіл және Алматы аудандарында мұндай нысандардың құрылысына жеке инвесторлар да қызығушылық танытып отыр. Нысандар 2022-2023 жылдары пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 800 орындық университеттік көпсалалы аурухананың құрылысы жалғасуда. №3 көпбейінді қалалық аурухананың клиникалық және босану бөлімшелерін салу мен қайта жаңартудың тұжырымдамасы әзірленді.

Өкінішке орай, кадр тапшылығы елордалық медицинада айқын байқалып тұр. Алайда, мәселені шешу жолдары үнемі қарастырылып келеді.

Бірнеше жыл ішінде алғаш рет медициналық қызметкерлерді 21 сұранысқа ие мамандықтар бойынша резидентурада оқытуға 551,3 миллион теңге бөлінді (287 грант). Қазіргі уақытта осы мамандықтарға 274 адам білім алуда. Медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 250 әлеуметтік тапсырыс орнына гранттар бөлінді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109