1630

Ақтөбе облысының аграршылары Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде 197 тоннадан астам өнім сатады

25 және 26 қыркүйекте «Хан Шатыр» СОО алдындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Ақтөбе облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының 12 ауданынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерімен келеді.

Барлығы 197,2 тонна өнімді сату жоспарланып отыр, оның ішінде:

- еттің барлық түрі - 60 тонна;
- картоп пен көкөністер - 61 тонна;
- сүт өнімдері - 16 тонна;;
- өсімдік майы - 1 тонна;
- жұмыртқа - 17,2 мың дана.;
- балық - 5,3 тонна;
- бал - 0,5 тонна;
- шұжық өнімдері - 8 тонна;
- ұн және макарон өнімдері - 8,5 тонна;
- басқа өнімдер - 19,7 тонна.

Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтағы бағадан 10-15% - ға төмен болады.

Айта кету керек, жәрмеңкеге келушілер карантин талаптарын қатаң сақтауы керек: бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық сақтау туралы ұмытпаңыз және қолды дезинфекциялық құралдармен тазартып тұру қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109