1874

Елордада «Astana Marathon-2021» кезінде бірнеше көше жабылады

Елордада 26 қыркүйек күні «Astana Marathon-2021» өтеді. Осыған байланысты жүгіру бағыты толық немесе ішінара өтетін көшелер жабылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Astana Marathon-2021» марафонын өткізуге байланысты 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Осы уақытта жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады. Желаяқтар екі қашықтық бойынша жүгіреді: 10 км және 42,2 км.

10 км қашықтықта өтетін бағыт: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов бағыты бойынша өтеді.

42.2 км жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан – Қажымұқан – Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев – Қазақ радиосы – Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

Сонымен қатар, марафонды өткізу аясында сағат 07:00-ден 14:00-ге дейін 57 қозғалыстағы қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді. Олар: № 2, 3, 4, 4А, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31, 33, 35, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 51, 52, 53, 54, 56, 60, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321.

Сондай-ақ 7 бағыттың қозғалысы тоқтатылады: №№ 15, 15а, 18, 32, 47, 50, 323.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қоғамдық көліктің жұмысы көшелер ашылғаннан кейін қалпына келтіріледі.

Маршруттардың қозғалыс схемасын «City Transportation Systems» компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасынан табуға болады: @cts_kz.

Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109