1061

Елордада «Қолөнер орталығы» аула клубына 40-тан астам оқушы барады

Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында биыл ашылған «Қолөнер орталығы» аула клубы 40-тан астам шәкірт тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Аула клубымыз осы жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп жатырмыз. Мұнда сабақ беретін төрт шеберіміз бар. Сол сияқты тігіншілер тобы бар. Бұл топта үш ұстазымыз жұмыс істейді. Біреуі тігін тігуді үйретсе, енді бірі кесте тігудің қыр-сырына баулиды. Бұдан бөлек сәндік тастармен әшекей жасайтын тобымыз жұмыс істеп тұр. Аула клубымызда 40 шәкіртіміз бар. Алдағы уақытта шәкірттеріміздің санын 100-ден асыруды жоспарлап отырмыз», - деді Қолөнер орталығы» аула клубының басшысы Рауза Балмағанбетова.

Аула клубтарының басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау. Ал ондағы үйірмелер балаларды тегін үйретеді. 

«Аула клубы өте қызық. Мұғалімдері өте жақсы. Бәрін ақырындап үйретіп жатыр. Өзімнің қатысып жүргеніме үш ай болды. Бұл жерде түрлі үйірмелер бар. Мысалы бисермен жұмыс істегісі келетіндерге оны үйретеді. Тігін тігу, сурет салу бөлімдеріне кіргенде ерекше шабыт аласың. Бірден елітіп әкетеді», - дейді үйірмеге қатысушы Ақтамақ. 

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 30-да аса аула клубтары жұмыс жасайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109