1231

Елордада алимент бойынша 15 мыңға жуық борышкер бар

Балалар алдындағы құқықтар мен міндеттемелерді қорғау мәселесі бүгінгі күні қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Елордалық «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында кеңес өтті, онда төлемнен жалтарған ата-аналардан алимент өндіріп алу тетіктері талқыланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Өкінішке орай, іс жүзінде ата-аналар бұл міндеттемелерге немқұрайлы қарайтын жағдайлар көп. 

«Біздің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейді және халыққа ақысыз негізде кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Негізгі контингент - көп балалы отбасылар, аз қамтылған және мүгедек жандар. Бізде заңгерлік көмек бөлімі бар, ол да тегін кеңес береді. Әдетте, алимент өндіру мәселелері бірінші кезекте консультациялық жолмен шешіледі, содан кейін нақты шаралар қабылдауға жәрдем көрсетіледі», - деді «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Әсемгүл Садыр. 

Қалалық прокуратураның мәліметінше, елордада алимент бойынша борышкерлер саны 15 мың адамға жетті, олардың жалпы қарызы 4,5 млрд.теңгені құрайды.

«Мен алимент мәселесін ұзақ уақыт шеше алмадым. Сот ісін және басқа құжаттаманы дұрыс жасай алмадым. Сондықтан «Жанұя» орталығының заңгерлеріне жүгіндім. Олар маған бәрін дұрыс жасауға көмектесті. Алимент бойынша барлық сұрақтарым көп ұзамай шешілді», - деп бөлісті орталыққа келуші Ақнұр Дүйісмағанбетова. 

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері елорданың Отбасы институтын қолдау орталығына 40 000 мыңнан астам азамат жүгінген. 

Іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109