2029

Бағаны қымбаттатпау: Елорда әкімдігі кәсіпкерлердің несие алу өтінімін қабылдайды

Елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін енгізу аясында кәсіпкерлік субъектілерінен несие алу туралы өтініштерді қабылдайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін қала әкімдігі кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті қарыз шартын жасасу арқылы қайтарымдылық, мерзімділік, қамтамасыз етілу және ақылы шарттарда қарыз береді. Несие мөлшерін олардың белгіленген талаптарға сәйкес келетіні бойынша комиссия айқындайды. 

Іріктеу критерийлері мынадай:

- Азық-түлік өнімдерін тиісті түрде сақтауға және әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету, сол сияқты сатып алу және басқа операцияларды жүзеге асыруға арналған арнайы жабдықтары бар қоймалардың болуы, сонымен қатар басқа да үй-жайлардан тұратын сауда-логистикалық инфрақұрылымға ие немесе жалға беретін кәсіпкерлік субъектілері;

- өтінішті қарау кезінде кәсіпкерлер банкротқа ұшыраған болмауы

керек;

- кәсіпкерлік субъектісі өнім берушілердің

жосықсыз ұйымдарының тізімінде (қара тізімде) болмауы керек. Комиссияның несие беру мәселесін қарау үшін кәсіпкерлік субъектісі келесі ақпаратты ұсынады:

- несие сомасын, сондай-ақ шығындар бойынша қажетті есептеулерді азық-түлік өнімдерінің ұсынылатын тізімін, несиені өтеу мерзімдерін көрсететін өтініш;

- кредиторлық берешек және дебиторлық берешек, негізгі құралдар тізбесі көрсетілген алдыңғы және / немесе ағымдағы қаржы жылындағы қаржылық есептілік; (осы тармақта келісілген);

- шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

- бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

- бірінші басшыны қоспағанда, өтінішке қол қою құқығында мүдделерін білдіретін тұлғаға (адамдарға) сенімхат;

- қолда бар несиелер және несие тарихы туралы мәліметтер;

- салық берешегінің және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, жалақы бойынша берешектің және әлеуметтік аударымдардың болмауы туралы мәліметтер.

Несие алуға өтініш беру орны: «Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ. Мекенжайы: Бейбітшілік, 11, 622 каб;

Қосымша ақпаратты 55-54-85 телефоны арқылы алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109