2061

Елордада Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Ақтөбе облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке дәстүрлі түрде «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтіп жатыр.

«Елорда тұрғындарына облысымыздың тауар өндірушілері ет, сүт, шұжық, көкөніс, бақша өнімдерін, жұмыртқа, ұн, т.б. ұсынып отыр. Елорда тұрғындарына өнімдеріміз ұнайтынына сенімдімін. Себебі таңертең ерте келіп, сауда жасап қала тұрғындарының қарасы қалың. Ал бағасы нарықтан 15-20 пайызға арзан, сапасы өте жоғары, таңдау көп», – дейді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағамбетов.

Күз түсіп, күн райының салқындағанына қарамастан Ақтөбе облысының тауар өндірушілері қауын-қарбыз, құлпынай, таңқурай сынды жеміс-жидектер жеткізіп отыр.

«Күн салқындап барады. Енді бірер аптада таңқурай да, құлпынай да бітеді. Елордаға жеміс-жидегіміздің соңғы бөлігін жеткізіп отырмыз десем де болады», – дейді сатушы Умида.

Ақтөбе облысы жәрмеңкеге барлығы 197,2 тонна өнім қойып отыр. Нақтырақ айтқанда: ет және ет өнімдері – 60 тонна, картоп пен көкөністер – 61 тонна, сүт және сүт өнімдері – 16 тонна, өсімдік майы – 1 тонна, жұмыртқа – 17,2 мың дана, балық – 5,3 тонна, бал – 0,5 тонна, шұжық өнімдері – 8 тонна, ұн және макарон өнімдері – 8,5 тонна, басқа өнімдер – 19,7 тонна.

Естеріңізге сала кетейік, елордада ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Астанадағы ауылшаруашылық аймақтық жәрмеңкелер маусымы 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкеде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау және Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Айта кету керек, жәрмеңкеге келушілер карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау, қолды дезинфекциялық құралдармен өңдеу қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109