1941

Алтай Көлгінов Astana Marathon 2021 туралы: «Әр қатысушы – жеңімпаз»

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Astana Marathon аумағына Ashyq жобасы енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Astana Marathon – әуесқой желаяқтар мен спортпен шұғылданатындар арасында танымал шара. Қала тұрғындарына арнап спорттық іс-шараны ұйымдастырып жатқанымызға қуанамыз. Себебі екпе алған тұрғындардың саны артып, қала қалыпты өмір ырғағына оралып жатыр. Жарысқа вакцина алған тұрғындар қатысты. Жүгіру аумағына Ashyq жобасы енгізілді. 

Марафонға жастардың да, ересек тұрғындардың да қатысқаны қуантады. Қатысушылар арасында рухы мықты жандар – ерекше қажеттілігі бар тұрғындарымыз, шетелден келген қонақтар және алғаш рет қатысқандар. Astana Marathon-2021 екі қашықтық бойынша өтеді: 42.2 км және 10 км. Қазіргі марафон 2019 жылы World Athletics ұйымы берген «қола» статусына ие. 

Марафонда ең бастысы мәреге бірінші болып келу емес, іс-шараның өзінен ләззат алу. Өйткені, жүгіру және үнемі спортпен шұғылдану денсаулыққа оң әсер етіп, иммундық жүйені нығайтады. Әрбір қатысушы – жеңімпаз, өйткені табандылық пен жаттығудың арқасында кедергілерді еңсере алды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлеміз: қала тұрғындарының түрлі спортпен шұғылдануы үшін тиісті спорттық инфрақұрылымдар ашып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қолдау көрсетіп жатырмыз. Елорданы спорттық кластері жақсы дамыған қала деп атауға болады.

Astana Marathon-2021 — қайырымдылық шара. Биыл жиналған қаражат ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Бұған дейін Astana Marathon ұйымдастырушылары қайырымдылық ұйымдары үшін 37 млн теңгеден астам қаражат жинады», – деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109