2160

Елордада Astana Marathon 2021 жеңімпаздары анықталды

Көптен күткен Astana Marathon 2021 жүгіру жарысына биыл Қазақстанның 45 қаласы қатысып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Марафонға дайындық деңгейі әр түрлі және оған барлық жастағы адамдар қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ең жас қатысушы – 18 жаста, ең үлкені – 76 жаста. Жарысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың әріптестері, елорда тұрғындары мен қонақтары, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. 42,2 км қашықтықта ерлер үлесі 86%, ал әйелдер 14% құрады. 10 км-де ерлер мен әйелдер үлесі сәйкесінше 62% және 38% болды.

Astana Мarathon 2021 жеңімпаздары:

42,2 км

Абсолютті ерлер

Бірінші орын - Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен, Өзбекстан

Екінші орын - Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан

Үшінші орын - Илья Тяпкин (02:24:23), Бішкек, Қырғызстан

Абсолютті әйелдер

Бірінші орын - Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан

Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан

Үшінші орын – Ольга Богомольская (03:01:18), Алматы, Қазақстан

18-39 жас санатында

Ерлер

Бірінші орын - Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен,Өзбекстан

Екінші орын - Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан

Үшінші орын-Илья Тяпкин (02: 24: 23), Бішкек, Қырғызстан

Әйелдер

Бірінші орын - Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан

Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан

Үшінші орын – Ольга Богомольская (03: 01: 18), Алматы, Қазақстан

40-44 жас санаттарында

Ерлер

Бірінші орын – Нүркен Халықберген (02:48:57), Алматы, Қазақстан

Екінші орын — Еренғайып Қуатайұлы (02:59:42), Алматы, Қазақстан

Үшінші орын – Ерік Боранбеков (03: 00: 44), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Әйелдер

Бірінші орын - Гүлмира Туенбаева (04:22:54), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Екінші орын – Әсел Сәдуақасова (04:26:43), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Үшінші орын – Марина Волошенко (04:37:04), Көкшетау, Қазақстан

45-49 жас

Ерлер

Бірінші орын – Самат Панов (03:06:51), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Екінші орын – Еділбек Тайлақов (03:19:17), Құлан ауылы, Қазақстан

Үшінші орын – Геннадий Карнилович (03: 27: 47), Шахтинск, Қазақстан

50-54 жас

Ерлер

Бірінші орын – Тұрар Әбутәлиев (02:55:27), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Екінші орын – Жақсыбай Есжанов (03:11:39), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Үшінші орын – Меңдібай Әлімғазинов (03:26:16), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

55-59 жас

Ерлер

Бірінші орын – Тұрсынғали Әлібаев (02:51:28), Алматы, Қазақстан

Екінші орын - Қанат Сүгірбаев (03:05:56), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Үшінші орын – Евгений Белов (03:19:04), Павлодар, Қазақстан

60-64 жас

Ерлер

Бірінші орын – Талапнұр Байзақ (03:12:50), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Екінші орын – Сергей Овчаренко (03:38:34), Жітіқара, Қазақстан

Үшінші орын – Александр Таранченко (04:03:48), Павлодар, Қазақстан

65-69 жас

Ерлер

Бірінші орын – Валерий Куликов (03:43:38), Шымкент, Қазақстан

70-74 жас

Әйелдер

Бірінші орын — Амегульсин Мусульманова (05:55:53), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Ерлер

Бірінші орын – Николай Григорьев (03:56:36), Өскемен, Қазақстан

10 км

Абсолютті ерлер

Бірінші орын – Рахымжан Келманов (00: 31: 09), Алматы, Қазақстан

Абсолютті әйелдер

Бірінші орын – Татьяна Нерознак (00: 34: 58), Алматы, Қазақстан

«Марафон – ауқымды іс-шара. Соңғы екі жылда әлемдегі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты түрлі жарыстар өткен жоқ. Бұл марафонды өткізу үлкен оқиға болып отыр. Оған қатысып, жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Жарақатым бар еді. Оған қарамастан соңына дейін жеткеніме қуаныштымын. Мен үшін бұл алғашқы ресми марафон. Бұған дейін де жүгіргенмін, бірақ оның нәтижелері бейресми болды. Ал бүгін маған әлемнің 6 үздік марафонына қатысуға болатын сертификат берілді. Бұл мен үшін үлкен жетістік», – деп қуанышымен бөлісті 42,2 км қашықтықтағы жеңімпаз Тұрар Әбутәлиев.

Марафонның қола жүлдегері атанған Қырғызстан желаяғы Илья Тяпкин өз әсерімен бөлісті:

«Мен 30-дан астам марафонға қатыстым. 2009 жылдан бері жүгірумен айналысамын. Қырғызстаннан Нұр-Сұлтанға марафонға қатысу үшін арнайы келдім. Қазақстан астанасындағы екінші марафонға қатысып отырмын. 2017 жылы да үшінші болып келгенмін. Жүгіру жолымыз өте жақсы, ауа райы да керемет болды. Бірақ өзім әдеттегідей дайындала алмадым. Өйткені белгілі бір қиындықтар болды. Сол себепті жоғары деңгейде қатысуға дайын емес едім. Ал алдағы уақытта барынша дайындалып келемін», – деді.

Айта кету керек, марафон санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өткізілді. Жарысқа вакцинацияланған азаматтар ғана қатыстырылды. Бұған қоса қатысушылар Ashyq жобасы қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109