1040

Нұр-Сұлтанда жастар арасындағы қалалық шахмат турнирінің қорытындысы шығарылды

Brain games жобасы аясында елордада мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнайы оқу орындарының студенттері, «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері және NEET санатындағы жастар арасында шахмат турнирі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық шахмат турниріне 14-29 жас аралығындағы 50 елордалық қатысты, олар "Астана жастары" Жастар ресурстық орталығының Instagram желісіндегі парақшасында онлайн-форматта алдын ала тіркеуден өтті.

Жарыс барысында қатысушылар 6 турдан тұратын шахмат партияларын ойнады. "Жетісу" саябағындағы блиц-турнир санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды толық сақтай отырып, яғни міндетті түрде бетперде және қолғап киіп өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба дарынды жастарды қолдауға бағытталған. Нұр-Сұлтан мәслихатының депутаты Ерлан Дакенов дәл осындай жарыстар алдағы уақытта халықаралық спорт ареналарында ел намысын лайықты қорғай алатын әлеуетті чемпиондарды тәрбиелеуге және дайындауға көмектесетінін атап өтті.

Зияткерлік ойын әуесқойлары қалауы бойынша фавориттерді қолдап қана қоймай, open-air форматында еркін үстелдердегі шахмат қозғалысына қосыла алды.

"Мен бірнеше жылдан бері шахматпен айналысып келемін, жалпы бұл ойынды бес жасымда үйренгенмін. Бүгін мені досым шахмат ойнауға шақырды, сондықтан өзімді сынап көрейін деп шештім. Қарсыластар - шахмат ойындарын талдай алатын мықты жігіттер. Әрине, бұл ойын логиканы, стратегиялық ойлауды дамытуда пайдалы. Бұрын мектеп турнирлеріне қатысып, тіпті жүлделі орындарға ие болсам да, бастапқыда қатты қобалжыдым", - деп атап өтті турнирге қатысушы 16 жастағы оқушы Әділжан Есімов.

Кеш соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін жарысқа қатысушылар алғашқы әсерлерімен бөлісті. Олар ұйымдастырушыларға турнирді жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдірді.

"Мен үшін шахмат хоббиге айналды, өйткені 6 жасымнан айналысып келемін. Әрине, басқа спорт түрлеріне қызығушылығым оянған кездер де болды, бірақ шахматты тастап кете алмадым. Бүгін қарсыластарымды жеңіп қана қоймай, достарыммен әңгімелесіп, уақытымды көңілді өткіздім. Әу бастан жеңетінімді білдім десем болады. Дегенмен, кейбір қатысушылар мені жоғары деңгейдегі ойынымен таңқалдырды. Бүгін менің жолым болды, ал ертең олар жеңіс тұғырынан көрінуі мүмкін", - деді турнир жеңімпазы, студент Қазбек Үмбетов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109