1211

Елордадағы Оқушылар сарайында «TANYM» креативті технологиялар орталығы ашылды

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «TANYM» балаларға арналған креативті технологиялар орталығы іске қосылды. Мұнда оқыту офлайн және онлайн форматта жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«TANYM» – «Елбасы Академиясы» жобасы аясында іске асырылатын креативті технологияның білім беру бағдарламасы. «TANYM» платформасы 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың шығармашылық және зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға арналған. Орталық Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы мен BilimLand компаниясымен бірлесіп іске қосылды.

«TANYM» қосымша білім беру орталығының негізгі міндеті – цифрлы технологиялар мен шығармашылыққа бағдарлау. Бізде 12-18 жас аралығындағы балаларға арналған бағдарламалардың үлкен желісі бар. Балаларды Minecraft, Education Edition (есептеу ойлауын қалыптастыру) ойындары, аdobe, видеомонтаж, графика бағдарламалары бойынша оқытады. Біз технологияларды дәл индустриялық стандарт бойынша таңдадық. Мұнда болашақ мамандықты таңдауға және дамуға көмектесетін менторлар, кәсіби педагогтар жұмыс істейді», - деді BilimLand компаниясының басқарушы директоры Нартай Әшім.

Оның айтуынша, дайындалған балаларға орталық бүкіл әлемде мойындалған кәсіби сертификаттауды ұсынады. Контент қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Оқыту алдын ала жазылу бойынша офлайн да, онлайн да жүргізіледі.

«Мұнда балалар жобалар әзірлеп жатыр. Жобалар аяқталғаннан кейін келесі деңгейге өтеді. Әр курс 3 айдан 6 айға дейін есептелген. Оқушылар шамамен 2 сағат оқиды. Орталық кәсіби, жаңа техникамен, озық платформамен жабдықталған. Оқыту тегін. Сыныпта 40 орындық бар. Бізде 5 ағым (поток) болады, бұл айына 600-ге жуық бала", - деп түсіндірді Нартай Әшім.

Айта кетейік, 2021 жылдың соңына дейін орталық 1000-нан астам баланы оқытуды жоспарлап отыр.

Орталық оқушыларының бірі Азамат Нәбиев неге орталықта оқу туралы шешімді неліктен қабылдағанын айтып берді.

«Болашақта IT бағдарламалау ең қажетті мамандықтардың бірі болады. Мұнда көптеген қызықты нәрселер бар: жаңа технологияларды, бағдарламаларды, ойындарды үйрену. Біз мұнда IT бағдарламалауды үйренеміз. Маған курстар ойын ойнап, бағдарламалауды үйрену үшін жасалғаны ұнады. Сонымен қатар, біз Scratch үйренеміз, ол балаларға арналған ойын және монтаж секілді. Мен бағдарламалаумен 5 жылдан бері айналысып келемін. Бұрын робототехниканы оқығанмын", - деп бөлісті оқушы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109