1219

Елорда филармониясының қазақ оркестрі концерттік маусымның шымылдығын ашты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі кезекті концерттік маусымын ашты. Жаңа маусым ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Ұжым жаңа маусымда патриоттық шығармаларға көбірек көңіл бөледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі өзінің XXV концерттік маусымын ашты. Бұл концерттік маусым қазақ оркестрі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнайды. Сондықтан бағдарлама осы тақырыпқа ыңғайланып құрылды. Концертімізді Қазақстанның белгілі композиторы, аға буын композиторлардың бірі Мәкәлім Қойшыбаевтың «Қазақстан» атты симфониялық поэмасымен ашылды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Айтқали Жайымов.

Жаңа маусымда жұрт көңілінде ерекше орын алған, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімін оятатын шығармалар көбірек қойылады.

«Осы концертте орындалатын шығармалардың бәрі патриоттық сезімді оятатын, жастарға рух беретін, елге, туған жерге, ұлы тұлғаларға арналған шығармалардың топтамасы орындалды. Ұлттық өнерді сүйетін қауымның көбі концерт билетін сағынышпен алып жатқанына қуанып отырмыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің бас дирижеры Нұрлан Бекенов.

Айта кетейік, концерттік іс-шара барысында маска режимі, әлеуметтік қашықтық секілді карантиндік шаралар толықтай сақталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109