1364

«Наз» мемлекеттік би театры кезекті концерттік маусымын ашты

«Наз» мемлекеттік би театры кезекті концерттік маусымын ашты. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап концерт қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін «Наз» мемлекеттік би театры XXII концерттік маусымының ашылуын қимылмен өрнектелген «Наз-би әлем» атты бағдарламасымен ашып отыр. Бүгінгі концертімізде халықтың көңілін көтеретін ұлттық нақыштағы билеріміз, ұлттық әндеріміз, заманауи әндер орындалды. Осылайша келген жұрттың көңілін көтеретін бір сағаттық бағдарламамызды ұсынып отырмыз. Қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығамыз деп ойлаймыз», - деді «Наз» мемлекеттік би театрының бас әкімгері Айсұлтан Басықара.
Концерттік іс-шара Ә.Мәмбетов көшесінде орналасқан «Demalys Promenade» алаңында өтті. Күздің айшықты бояуларына ұлттық музыка мен киімдер астасып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Айта кетейік, концерттік іс-шара барысында маска режимі, әлеуметтік қашықтық секілді карантиндік шаралар толықтай сақталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109