1539

Елордада 30-дан астам аула клубы жұмыс істейді

Нұр-Сұлтанда 30-дан астам аулалық спорттық және шығармашылық клубтар жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

"2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында "Аула клубтары" әлеуметтік жобасы аясында қаланың 4 ауданында 30-дан астам аула клубтары жұмыс істейді. Барлық секциялар тегін негізде өтеді. Жас санаты 7 жастан 29 жасқа дейін. Аула клубтарының қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларының бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда аула клубтарында 3 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Спорттық және шығармашылық сабақтар бар", - деді "Астана Жастары" ЖРО аула клубтарын дамыту бөлімінің маманы Аделя Бекарыстанова.

Айта кетейік, аула клубтары елордалық жастардың бос уақытын тиімді өткізу және жеке басын дамыту орталығына айналды. Секцияларда каратэ, бокс, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, дзюдо, үстел теннисі, шахмат, дойбы, хореография және тағы басқалармен айналысуға болады.

"Мен «Pro Fit» жобасының ұйымдастырушысымын. Бұл - ұлт денсаулығының игілігі үшін және көпбалалы, сонымен қатар аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін жұмыс істейтін әлеуметтік жоба. Біздің клуб Сарыарқа ауданында орналасқан. Ол толық жабдықталған 5 залдан тұрады. Оған кем дегенде 300 бала барады", - деді "Pro Fit" аула клубының жетекшісі Альмира Борамбаева.

"Мен Муай таймен айналысамын. Біз бұл үйірмеге тегін қатысамыз. Маған жаттықтырушым мен жаттығулар өте ұнайды", - деді клубтың тәрбиеленушісі Екатерина Вольская.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109