2273

Отандық IT-шешімдер «Smart City Nur-Sultan» форумында Түркі кеңесіне ұсынылды

Елордада 28 қыркүйекте Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Түркі кеңесі (бұдан әрі-Кеңес) өкілдерінің қатысуымен "Smart Сity Nur-Sultan" өңіраралық форумы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Форумда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Кеңеске мүше мемлекеттер делегациясының арасындағы цифрлық трансформация, жаңа технологияларды енгізу және инновацияларды дамыту бойынша өзара тиімді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды. Іс-шара қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Сондай-ақ, кеңес өкілдері осы сапар аясында елорда өмірінің түрлі салаларында цифрлық технологияларды дамытудың қазіргі жетістіктерімен және жоспарланған бағыттарымен танысты. Делегацияға Ikomek, IQala, CTS цифрлы жобалары көрсетілді.

«Қазіргі уақытта цифрландыру мәселелері қалалық дамудың барлық жобасына қатысады, кез келген салада, яғни туризм, құрылыс немесе көлік болсын, барлық жерде ақпараттық технологияларға орын бар. Қазір азаматтар мен бизнестің ақпараттық дайындығы бұрынғыға қарағанда жоғары деңгейде және әркім түрлі цифрлық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алады және мобильді қосымша, чат боттар, елордадағы қазіргі жағдайға мониторинг жүргізетін арнайы қызметтер арқылы әкімдікпен онлайн режимде өзара іс-қимыл жасай алады», – деді «Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ басшысы Ботагөз Қасабек.

Жергілікті IT-шешімдерді шетелдік нарықтарға шығару мақсатында өңіраралық форумда "Smart City" құру үшін "Қазақтелеком" АҚ-ның кешенді өнімдері таныстырылды. Атап айтқанда, ірі телеком-оператордың инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов кез келген қаланы "ақылды" етуге мүмкіндік беретін және қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ТКШ, білім беру, көлік және т.б. сияқты қаланың тыныс-тіршілігінің барлық маңызды салаларын қамтитын тексерілген және жұмыс істеп тұрған технологияларды көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақтелеком" АҚ Ақмола облысы Ақкөл қаласында "ақылды қала" жобасын жүзеге асырған болатын. Ол Қазақстанда бірінші болып Smart City статусына ие болды. Smart технологияларын енгізу муниципалды қызметтердің жұмысын оңтайландыруға және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда, коммуналдық қызметтердің пәтерлерді аралауының қажеті жоқ, деректер автоматты түрде жіберіледі. Тұрғындар кіреберістегі бейнебақылауды онлайн режимде қосып, бейнекамераларға қол жеткізе алады. "Ақылды қала" жобасы қазіргі уақытта еліміздің батысында – Жаңаөзен қаласында іске асырылуда.

Сондай-ақ, форумда "Сергек" жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жобалар, Roqed Science білім беру жобасы, Clockster мектептері мен университеттеріне қолжетімділікті бақылау және келуді есепке алу бойынша стартап-жоба, targeteye платформасы негізінде көліктік аналитиканы және Intelligent Transportation System жүйесін енгізу бойынша жоба ұсынылды. Іс-шарада қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласының геоақпараттық орталығы таныстырылды.

«Қаланың геоақпараттық орталығында классикалық цифрлық бас жоспары – қаланың барлық жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері, жол белгілері және басқа да объектілер енгізілген 2D картасы бар. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының цифрлық қосарлануы бүгінгі таңда ең алдымен бизнес процестерді қайта құру, қала, жер учаскелерін салу үшін ең озық цифрлық құралдардың бірі болып саналады, сондай-ақ бұл технология қала тұрғындарына елорданың қалай дамитынын білуге мүмкіндік береді», – деді "KazAeroSpace" ЖШС бас директорының орынбасары Ахмет Ахметов.

Бұл цифрлық сыңар елді мекенді салуда сәулеттік жоспарлауға мүмкіндік береді. Онлайн режимде елорданың жалпы сәулет құрылысы немесе басқа ғимаратының келбетін көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, өңіраралық форум Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен "Қазақтелеком" АҚ, "Astana Innovations" АҚ және International Data Corporation (IDC) бірлесіп өткізіледі.

Бұл күндері елордада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер өкілдерінің сапары өтуде. Сапар аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, "Зерде "Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мемлекеттік секторды цифрландыру саласында түркітілдес елдермен ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар іс-шара өткізуде.

Айта кетейік, Кеңес құрамына Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Венгрия елдері кіреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109