1587

Елордада Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалі аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалі мәресіне жетті. 6-28 қыркүйек аралығында өткен тіл фестивалінде «Тілім менің – бірлігімнің айнасы» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Астана» радиосында танымдық радиовикторина, баспасөздегі қисынсыз аударма мен калька, ақпаратты мемлекеттік тілде тарату мәселелері мен SMM негіздері, қазақша таргет жасау сынды тақырыптарда тренингтер өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада 6 қыркүйектен бері 500-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оны насихаттау. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тілдің әлеуетін нығайтуға бағытталған көптеген іс-шара өткізілді. Мысалы, Тәуелсіздік жылдары елордада 1 мыңға жуық көшеге жаңа ат берілді. Бүгінде қаламыз бұл көрсеткіш бойынша үздіктердің қатарында», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Сондай-ақ ол қаладағы мектептерге Дінмұхамед Қонаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанбек Қожанов сынды белгілі тұлғалардың есімін беру мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.
Тіл фестивалі аясында «Тілім менің – бірлігімнің айнасы» байқауының жеңімпаздары анықталды:

Бас жүлде – Ақгүл Айдарбекқызы (Қарағанды облысы);

І орын – Әнел Жақан (Нұр-Сұлтан);

ІІ орын – Ардақ Сатбаев (Нұр-Сұлтан);

ІІІ орын – Амангүл Ермекқызы (Нұр-Сұлтан).

Қазылар алқасының құрамында актер, театр режиссері Болат Ұзақов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ақын, журналист Тұржан Оңайгүл, Қазақ радиосының дикторы Мұхамедәлі Болатұлы болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109