1713

Қарағанды облысының тауар өндірушілері Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде 600 тонна өнім сатады

Елордада ауыл шаруашылығының кезекті жәрмеңкесі осы демалыс күндері, 2-3 қазанда өтеді. Бұл жолы Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің тауарларын сатып алуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке дәстүрлі түрде «Хан Шатыр» СОО алаңында өтеді
(Д. Қонаев көшесі және Тұран даңғылының қиылысы).

Қарағанды облысының 9 ауданы мен 4 қаласының 126 фермерлік шаруашылығы мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады.

Барлығы 600 тоннадан астам өнімді сату жоспарланып отыр. Сөрелерде азық-түлік өнімдерінің 117 атауы ұсынылады, оның ішінде:
- еттің барлық түрі - 150,1 тонна,
- балық - 4,3 тонна,
- жұмыртқа - 200 мың дана,
- сүт өнімдері - 20 тонна,
- картоп және көкөністер - 495 тонна
- шұжық, кондитерлік, нан-тоқаш өнімдері - 11,4 тонна.

Жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында әрі көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Нұр-Сұлтанда өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109