1856

Елордада 200-ден астам бала «Мирас» аула клубына барады

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 30-дан астам аула клубы бар, олар 7-29 жас аралығындағы балалар мен жастарды спорттық және шығармашылық секциялармен қамтиды. Соның бірі - жетінші жыл қатарынан жұмыс істеп келе жатқан "Мирас" аула клубы, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Мирас" аула клубы 2015 жылы ашылды, бүгінде мұнда 200-ден астам тәрбиеленуші тегін жаттығады.

"Біздің клуб 7 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2015 жылы мемлекеттік қор базасында ашылып, бір жылдан кейін "Астана Жастары" ЖРО берілді. Біздің клубта 11 секция бар: 7 шығармашылық және 4 спорттық. Клубқа 230 бала, оның ішінде көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ мүгедектігі бар 5 ерекше бала барады. Олардың барлығы біздің клубқа қуана барады. Бізде үлкен спорт залы бар, онда балалар толықтай спортпен шұғылдана алады. Біздің балалар бірнеше рет гран-при, түрлі шығармашылық және спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Бізде спорт шеберіне үміткерлер де бар. Біздің клубтың тәрбиеленушілері ҚазҰӨУ мен музыка мектебіне түсті. Мұндай жетістіктерге біз өте қуаныштымыз және оларды мақтан тұтамыз", - деп атап өтті "Мирас" аула клубының жетекшісі Диана Степанова.

Айта кетейік, аула клубтарының жұмысы елордалық жастардың бос уақыты мен жеке өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Секцияларда каратэ, бокс, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, дзюдо, үстел теннисі, шахмат, дойбы, хореография және тағы басқалармен айналысуға болады.

"Мен "Мирас" аула клубына Қосшыдан келемін. Қоян-қолтық күрес секциясында жаттығамын және спорт шеберіне үміткермін", - деп бөлісті клуб тәрбиеленушісі Темірлан Нұрлан.

Алина Нұрмағамбетова үш жылдан бері осы клубтың тәрбиеленушісі:

"Мен үш жыл бойы "Мирас" клубына барамын, лезгинка мен хореография сабақтарына қатысамын. Біз әр түрлі қалаларға конкурстарға барамыз, жүлделі орындар мен гран-при алып келеміз. Бізде осындай клубтың болғанына өте қуаныштымыз".

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109