1394

Нұр-Сұлтанда бокстан қала чемпионаты өтіп жатыр

Елордада бокстан чемпионат өтуде, оның қорытындысы бойынша үздіктері Нұр-Сұлтан қаласының құрамасына ілігеді. Турнир Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Манашевтің 60 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионатта 17 және одан жоғары жастағы 100 спортшы күш сынасып жатыр.

Біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімінде елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев мерейтой иесін құттықтап, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтау хатын табыс етті.

«Бұл жарыс елорда құрамасын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, оның жеңімпаздары республикалық және халықаралық жарыстарға елорда атынан қатысады», - деді ол.

Әйгілі жаттықтырушы Қайрат Манашев өз сөзінде талантты шәкірттер ұстазының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай өмірін ұзартатынын айтты.

«Әр спортшыға жекелеген тәсіл табу қажет, жаттықтырушылар жұмысындағы ең бастысы – шыдамдылық. Шыдамдылық пен еңбек – чемпиондардың құпиясы», – деп есептейді Қайрат Манашев.

Турнир фавориттерінің бірі Оралбек Әбдіқадіров бірінші жекпе-жектегі жеңісінен алған әсерімен бөлісті.

«Ата-анам 10 жасымда алғаш рет жаттығуға алып келді. Содан рингтегі жекпе-жектер ұнайтынын байқады. Бұл жарыста финалға жолдама алдым. Кез келген спортшы сияқты үлкен жетістіктерге жетіп, Олимпиада чемпионы болуды армандаймын», - дейді Оралбек.

Турнир санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109