1418

Нұр-Сұлтанда бір күнде 10 ойын-сауық орны карантин талаптарын бұзды

Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандары арасында карантин шараларының сақталуын күнделікті тексеруде. Күн сайын рейдтер қаланың жүзден астам мекемесін қамтиды, олардың кейбірінде санитарлық нормаларды бұзу жүйелі түрде анықталып келеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, 29 қыркүйекте елордада карантинді бұзған 10 мекеме анықталды.

Алматы ауданында орналасқан «Панаехали» барында, «Sova» караоке-барында және «Alanya» түнгі клубында белгіленген жұмыс режимі сақталмаған.

Байқоңыр ауданында карантинді бұзу фактісі «Панаехали» барында тіркелді.

Есіл ауданында бұзушылар тізіміне 6 қоғамдық тамақтану орны кірді: «the ДЫМ» лаундж-бары, «Respublika», «Derby pub», «Панаехали», «TEQUILA» барлары және «INFORNO» мейрамханасы бар.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Айта кету керек, COVID-19 көрсеткішінің төмендеуіне қарамастан Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр. Пандемияны тоқтату және карантинді жеңілдету үшін елорда тұрғындары мен қонақтары вакцинациядан өтіп, санитарлық нормаларды – маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109